46 млн теңге қарызын төлемей, қашып жүрген азамат ұсталды

208

0

Шымкентте 46 млн теңге салық төлемегені үшін іздеуде жүрген тұрғынды прокурорлар іздеп тапты. Қадағалау органының өкілдері серіктестік директорының жасырынған жерін әлеуметтік желі арқылы анықтаған,  – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі «О» есімді борышкерге 2018 жылдың қыркүйек айында іздеу жариялағанын жария етті. Онын мемлекет алдындағы қарызы 46 млн теңгеден асып кеткен. Жекеменшік серіктестікке жетекшілік ете тұра ол 2011-2015 жылдар аралығында табыс салығын төлемей келген. Кейіннен сот үкімімен әкімшілік жазаға тартылған. Алайда кәсіпкер табылмаған соң, атқарушылық іс-әрекеттер уақытша тоқтатылған. Одан бері бір жылдан аса уақыт өтсе де, борышкердің жүрген жері анықталмаған. «Қала прокуратурасы ақпараттық жүйелер мен әлеуметтік желілер арқылы борышкердің жүрген жерін анықтап, сол жерге өздері барған. Сөйтіп қашқын кәсіпкерді ұстап, дереу сот орындаушыларына жеткізді. Келесі күні борышкерге қатысты сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 12 625 теңге көлемінде айыппұл салынды. Борышкер қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сай ӘҚБтК 669-бабымен кінәлі деп танылды. Сот шешімінің әрі қарай орындалуы прокурорлардың бақылауында болады» делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<