5 айда 11 құқық бұзушы ұсталған

547

0

2022 жылдың қаңтар айынан 16 мамырға дейін облыс көлемінде табиғат заңдылығын қадағалау және бақылау мақсатында 23 рейд ұйыдастырылды. Соның нәтижесінде аң аулау қағидаларын бұзған 11 құқық бұзушы ұсталынып, оларға инспекцияның қызметкерлерімен тиісті 8 хаттама толтырылып, 3 іс  Қызылорда облыстық ПБ-не өткізілді.

Сондай-ақ, екі аңшылық қару полиция бөліміне тапсырылды. Бұған қоса, жыл басынан бері 7 өрескіл заң бұзушылық фактісі анықталды.

Қазіргі таңда киік аңының төлдеу уақытында және басқа да жануарлар дүниесін қорғау, табиғат заңдылығын сақтау мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің, Ішкі істер министрінің және ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің 2022 жылғы бірлескен бұйрығына сәйкес, «Киік» акциясын өткізу іс-шара жоспары (бұдан әрі- жоспар) бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес Инспекцияның, аудандық қалалық полиция бөлімдерінің, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің, «Охотзоопром» Өб» Қызылорда өңірлік филиалының аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінен құралған ұтқыр топтар құрылып, киік аңдарының өріс аудару жолдарында қорғау шараларын күшейту мақсатында жедел топ қызметкерлері, автокөлік құралдарымен және тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, облыс көлемінде бірлесіп қорғау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осындай заң бұзушылықтарды болдырмауға көпшіліктің көмегінің әсері зор ықпал етер еді.

Кенжеғазы Нұрылдаев,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<