АДАМ АРМАНДАЙ БІЛУІ КЕРЕК

276

0

Мен Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеулер университетінде (НИТУ МИСиС) “Машина жасау конструкторы” мамандығы бойынша білім алудамын. Қазір 3-ші курс студентімін. Өзім Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының тумасымын. Сол аудандағы №31 мектепте оқып, білім алдым. Енді, міне, облыс әкімінің қолдауымен Мәскеуде оқып жатырмын.

Негізі, Мәскеуде оқу менің бала күнгі арманым болатын. Бастауыш сыныпта Анастасия Янгулеевна деген мұғалім сабақ берді. Ол кісі біздің сынып жетекшіміз еді. Бір күні Анастасия апайымыз бізге “Кім ұшаққа мінді?” деген сауал қойды. Сонда арамызда бір ғана қыз қол көтерді. Мен сол сәттен бастап ұшаққа мінуді армандадым. Осы апай бір күні “Кім Мәскеуде болды?” деп сұрады. Мен дәптеріме Мәскеу деп жазып қойдым. Үйге барғаннан соң анамнан Мәскеу туралы сұрадым. Ол кісі өзі білетіндерін айтып, Ресей астанасы туралы кітаптарды көрсетті. Мен сол кезден бастап осы қалаға баруды армандадым. Бүгінде сол арманым орындалды. Облыс әкімінің қолдауымен Ресей университеттерінде сол елдің есебінен білім алған түлектердің атынан алғысымды білдіремін. Мұндай мүмкіндік басқа аймақтарда болмағанын атап өту керек. Мәскеу мен Петербургте көбінесе сырбойылық жастар оқуда. Бізге жасалған материалдық және рухани қолдауларыңызға басқа облыстардан бөлек, көршілес мемлекеттерден барған қатарластарымыз да қызыға қарайды. Өзім оқып жатқан мамандығым бойынша Қазақстанда жұмыс жасап, осы саланы өркендетсем деймін.

Нагида ӘБДІРЕЙІМ,

Мәскеу ұлттық технологиялық

зерттеулер университетінің студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<