ӘЧ: Джалоловтан жеңілген Қоңқабаев жарыстан шығып қалды

551

0

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі әлем чемпионатын осы жерден тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.

92 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз өзбекстандық Баходир Джалоловпен қолғап түйістіріп, нәтижесінде 5:0 есебімен өзбек боксшысы жеңіске жетті.

Жанкүйерлер екі боксшы арасындағы жекпе-жекті асыға күткен болатын. Әлем чемпионаты басталар алдында да олардың кездесуі жөнінде пікір айтқандар аз емес.

Бұған дейін қос боксшы жеті рет жұдырықтасқан болса, бүгінгісі – 8 жекпе-жек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<