Әлем чемпионын салтанатты түрде қарсы алды

605

0

Өзбекстанның Наманган қаласында 8-11 қыркүйек күндері арасында өткен ересектер арасындағы белбеу күресіне қатысушы Әбубәкіров Жандос Шәкенұлы 57 келі салмағында әлем чемпионы атанды. Кеше жерлестері Қазақстан темір жолының Шиелі филиалында салтанатты түрде қарсы алды.

Әбубәкіров Жандос бапкеріне, жерлестеріне ризашылығын білдіріп, Шиеліден данқты спортшылар шығуына тілектес болып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.

Атап айтар болсақ, Әбубәкіров Жандос белбеу күресінен Қызылорда облысынан шыққан тұнғыш әлем чемпионы. Осы уақытқа дейін ересектер және жастар арасында Қазақстан біріншілігінің чемпионы, белбеу күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<