Қала әкімінің қызметтік көлігі айыптұраққа қойылды

212

0

Мақсатсыз пайдаланылған қызметтік көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«18 қыркүйек, сағат 00:30-да Ақтау қаласы, 7 шағын ауданда орналасқан мейрамхана жанында Жаңаөзен қаласының әкімдігіне тиесілі мемлекеттік нөмірі 106 РК Land Сruiser автокөлігінің тұрғандығы анықталды. Бақылау барысында автокөлік жүргізушісінде жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік автокөлікті пайдалануға берілетін рұқсаты болмағандығы анықталды. Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабына сәйкес, мемлекеттік нөмердегі автокөлік айыппұл автотұрағына қойылды», – делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Анықталған дерекке байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<