Алаяқтар еGov-тегі жеке кабинетіңізге қалай кіре алады

235

0

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев кезекті брифингіде алаяқтардың еGov-тегі жеке кабинет арқылы да ақша ұрлай алатынын ескертті.

«Алаяқтар ұрланған деректер арқылы еGov-тегі жеке кабинеттерге кіріп, құнды ақпарат пен ақша жымқыруы мүмкін. Құпия деректерді сұрап хабарласқан қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз. Банктер мен полиция қызметкерлері телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін есте ұстаңыз. Мұндай жағдайларда телефонды қойып, күдікті қоңыраулар туралы полицияға дереу хабарлаңыз», – деді Шыңғыс Әлекешев.

Ресми өкілдің айтуынша, Ішкі істер министрлігі киберқылмыстың алдын алу үшін банктермен бірлесіп жұмыс істеуге кіріскен.

«Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. «Колеса», «Крыша» сияқты хабарландыру сайттарымен және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының IT-компаниясымен келісімдерге қол қойылды. Барлық өңірде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылып, жұмыс істеуде», – деді ІІМ ресми өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<