Алматы маңында бір тәулікте екі рет жер сілкінді

962

0

Фото ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 14.44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 7.9. MPV магнитудасы – 3.4. Эпицентр координаттары – 42.38° с.е. 76.12° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», – делінген хабарламада.

Бұл Алматы маңында бір тәулік ішінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Сағат 11:24-те қазақстандық сейсмологтар 4,5 балдық жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Фото: EPA/Claudio Peri

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<