Ақсақалдарға сертификат табысталды

449

0

Фото: Ақмешіт Сырдария

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев қала мешіттері жанындағы діни сауат ашу курсына қатысып, сәтті аяқтаған ақсақалдарға сертификат табыстады.

Нақтырақ айтар болсақ, кеше қалалық орталық «Нұр» мешітінде Сыр жамағатының басқосуы өтті. Құптан уағызының уақытында жиылған жұртшылық «Жамағатпен Құран Хатым» атты мешітаралық шараға қатысып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.

Бұдан кейін мешіт асханасында «Бірлігі бекем жамағат» ұранымен өткен кезекті отырыста өңірдің бас имамы Дастан Жанасұлы уағыз жүргізіп, жасы ұлғайса да білім алудан жалықпаған қарияларға алғыс білдірді.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақ мешіттерінде намаз, Құран әліппесін үйрену сабақтары, ақида, фиқһ, сира бойынша уағыз-дәрістер тұрақты түрде өткізілуде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<