Ақтөбеліктер Париж Олимпиадасына жолдама алған балуанға көлік мінгізді

306

0

Фото: instagram.com/wrest_aktobe

Еркін күрестен 125 келі салмақта Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алған Юсуп Батырмырзаевқа ақтөбеліктер көлік мінгізді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптының соңғы күндері күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Азия аймақтық лицензиялық турнирі өткен болатын.

Аталған турнирде еркін күрестен Батырмырзаев финалға дейін сүрінбей жетіп, осы жылдың басты додасы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бішкек төрінен жарық жеңісімен оралған балуанды жерлестері зор қошеметпен қарсы алып, темір тұлпар сыйға тартты. Одан бөлек тағы бапкері екеуіне де 5 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы берілді.

«Ақтөбе қаласында еркін күрестен Париж Олимпиада ойындарына жолдама женіп алған Юсуп Батырмурзаевты күтіп алды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<