Арал ауданында теңізден маржан сүзген балықшылар қауымының VІІ слеті өтті

408

0

Бүгін Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Арал ауданының 95 жылдығына орай құтты мекен Арал өңірінде «Балықшылар слеті» өткізілді. Ата кәсіпті жалғаған айдынды өңірдің балықшылары бұл күн асыға күтетін мерекеге айналған.
Теңіз төскейіндегі өлкеде өткен балықшылар слеті «Балықтар базынасы» атты тағдырлары теңізбен ұштасқан жандардың өмірінен сыр шертетін театрландырылған қойылымымен басталды.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов тұрғындардың бүгінгі қуанышына ортақтасты.
«Қасиетті Сыр елі, өзінің сыр салысы, төрт түлік малымен қатар балығымен де аты шыққан берекелі, құтты мекен. Бүгінгі күні, теңізді өлкенің ата кәсібі – балық шаруашылығының мәні мен маңызы кеміген жоқ. Бұған дәлел, әр жыл сайын өтетін «Балықшылар слеті». Мақсатымыз- балық шаруашылығымен айналысатын азаматтардың еңбегін бағалап, лайықты дәрежеде құрмет көрсету үшін жасалуда. Соңғы уақытта балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейде қайта оралып, ерекше қарқынмен дамуда.

Өздеріңізге мәлім, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама аясында өңірімізде ауқымды істер атқарылуда. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен қаржы бөлініп тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілуде.

Өздеріңіз білетіндей, Ел Президентінің өткен аптадағы Тәжікстанда Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінде Аралдың қазіргі тағдырын талқыға салды. Алдағы 3 жылда «Халықаралық Аралды құтқару қоры» мемлекетіміздің басқаруына өтіп, теңіздің мәселесінің шешілуіне жаңа бір серпін беретінін атап өтті.

Бұл мемлекет басшысының Сыр еліне, Арал өңіріне деген қолдауы ерекше екенін білдіреді. Өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен бастау алып, биыл екінші кезеңі жүргізіліп, абаттандырылған «Балықшылар аллеясы» барша балықшылар қауымына деген біздің құрметіміз бен ілтипатымыз екендігін жеткізгім келеді», – деп, слетке қатысушыларды бүгінгі мерекемен құтықтады.


Сонымен қатар, слеттің ашылу салтанатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмас Асылбеков Арал балықшыларын құттықтап, ізгі тілегін арнады.


Слет аясында балық шаруашылығы саласының үздіктері мен ардагерлері марапатталды. Осы орайда балық ісінің қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жүрген сала мамандарына Қазақстан Республикасы Экология және табиғат ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласына мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері, «Құрмет грамотасы» және «Арал өңірінің балықшыларының VII слетінің» арнайы номинациялары мен «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды.


Шара соңында ауданымыздың талантты өнерпаздары ән мен жырдан тамаша тарту жасап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, өткен жылы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасына сәйкес 500 млн. теңге бөлінді. Аталған қаржыға «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, қосымша канал арналарын қазу жұмыстары атқарылды.
Ірі көлдер болып саналатын Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесін, шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін 10 каналдың арнасы тазаланып ұлғайтылып, 6 су тоспаларының құрылысы жүргізілді.
Нәтижесінде Арал теңізіне мол су кезіндегі 3 айдың өзінде 1.3 млрд. текше метр су жинауға мүмкіндік болды. Биылда теңізге осы көлемде су түсіру жұмыстары жүргізіледі.


Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<