Аралда бірнеше нысан пайдалануға берілді

430

0

Қазақстанның қасиетті әрі қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні теңізді өлке жұртына тарту жасалды. Арал ауданында бірнеше сауда үйлері мен «Халық Банк» АҚ жаңа бөлімшесі пайдалануға берілді.
Мемлекеттік мереке қарсаңында аудан орталығынан бизнес орталығы бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Серік Сермағамбетов өңірде кәсіпкерлік саласының өркендеп келе жатқандығына тоқталып, жиылған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа нысан жұмысына сәттілік тіледі.

«Бүгін белгілі кәсіпкер, ауданымыздың жанашыр азаматтарының бірі Жандәулетов Беріктің өз қаражаты есебінен салынған сауда орталығы ел игілігіне берілуде.
Сондай-ақ, теңізді өлке жұртышылығына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан «Халық банкі» ендігі кезекте жаңадан бой көтерген, осы «Самғау» бизнес орталығында жұмыс жасайтын болады. Кәсіпкерлерге, жеке және заңды тұлғаларға жан-жақты қызметін ұсынып жүрген еліміздегі іргелі қаржы ұйымының жұмысына табыс тілеймін.
Жаңадан бой көтерген кешен құтты да, берекелі болсын»,- деді Серік Сағитжанұлы.

Айта кетейік, «Самғау» бизнес орталығында 10-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Ғимараттың бір қабатында «Халық банк» АҚ Қызылорда филиалының Арал аудандық бөлімшесі орналасса, қалған қабаттары білім орталықтары, сұлулық салоны мен бірнеше жеке кәсіпкерлерге жалға берілген. 2 мың шаршы метрді құрайтын жаңа нысан халыққа тиімді әрі заманауи стандартқа қызмет көрсету орталығы ретінде іске қосылды.

Тәуелсіздік мерекесі аясында тағы бір сауда үйі Аралдықтар үшін пайдалануға берілді. Аудан әкімі Серік Сермағамбетов және аудан ардагерлері мен қоғам қайраткерлері "Мега планета" атты сауда үйінің жұмысмен танысып, жаңа кешен жұмысына сәттілік тіледі. 

Сауда орталығында жергілікті 5 тұрғын еңбек етеді. Жаңа нысанның аумағы 600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жергілікті тұрғындар үшін киім-кешек, ыдыс-аяқ және тағы да басқа тұрмысқа қажетті тауарлар сатылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<