Ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

50

0

Фото: ұйымдастырушылардан

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлердің салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу және ардагерлер арасында достықты нығайту мақсатында облыс ардагерлері арасында бильярд пен шахматтан жарыс өтті.

Ардагер аналар арасында өткен шахмат бәсекесіне жиырмаға жуық ардагер ынта білдірген. Ал, бильярд сайысын да жиырма жеті аға буын өкілі бақ сынады.

Жарыс барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді.

Байрақты бәсекеде қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Жарыс барысында әрбір қарт қайратын қайта жанып, үздік болуға барын салды.

Шахмат сабырлылыққа үндесе, бильярд тұрақтылыққа баулиды. Айта кетейік, қатысушылар мұндай ойынға бірінші рет келуі емес.

Осыған дейін де көптеген ойындардың көрігін қыздырып жүр. Талай бәсекелерде бәсі жоғары болатын ардагерлер мұндай игі шаралардан қол үзгісі келмейді.

Өйткені, спорт – денсаулық кепілі.
Жарыс қорытындысы бойынша бильярд ойынынан қазалылық Аманкелді Қарымсақов жеңімпаз атанды. Қызылордалық Сейсенбі Шермаханов екінші орынның жүлдесін еншіледі. Үздік үштікті Қармақшыдан келген Қуаныш Ержан түйіндеді.

Ардагер аналар арасында өрбіген шахмат сайысы да жолғары деңгейде өтті. Онда Қызылорда қаласынан қатысқан Гүлзая Құрманбаева барлық қарсыластарынан басым түсіп бірінші орын иеленді.

Екінші орын жүлдесіде қызылордалық Қырмызы Секинаға табысталды. Жалағаш ауданынан қатысқан ардагер Ләззат Әбдреймова жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаз ардагерлер облыстық ардагерлер кеңесінің арнайы дипломдары мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Өз кезегінде жарысқа қатысушы аға буын өкілдері ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<