Қармақшылықтар соя егуді бастайды

274

0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді. 

Қармақшы ауданының халқы дәстүрлі күріш дақылынан басқа да майлы дақылдарды, оның ішінде сояны өндірістік негізде өсіруге бел шешті.

– Бұл суды аз талап ететін және нарықта сұранысқа ие болып отырған дақылдардың бірі. Биыл біз «Тұрмағамбет» ЖШС-і негізінде осы дақылды егуді бастаймыз, – деді С.Мақашов.

Жалпы, Қармақшы ауданы – ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Ауданда өткен жылдармен салыстырғанда суды көп қажет ететін күріш көлемі 359 гектарға азайтылды, ал жаздық бидай 8 гектарға, бақша 4 гектарға, көкөніс 100 гектарға, мақсары 362 гектарға көбейді. Күріштің «Тором Хошеми» ирандық сортын  «Ақтөбе и К» ЖШС 300 гектарға жеткізді.

Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында «Жаңажол» серіктестігінің құны 65,0 млн теңге болатын қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш ақтайтын өңдеу зауыты іске қосылды. Оған қосымша жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<