АРНАЙЫ КУБОК ТІГІЛДІ

362

0

АРНАЙЫ КУБОК ТІГІЛДІ Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің Қорқыт ата аталуына 20 жыл. Осыған орай арнайы кубок тігіліп факультет аралық Жайдарман ойындары ұйымдастырылды.

«Жайдарман» – бүгiнде жастар арасында  дамып келеді. Көңілді қалжың ғана емес қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған  жоба десек те болады.

Медеубаев Руслан ‒ факультет аралық жайдарман орталығының төрағасы: Биылғы маусым ‒ менің  сүйікті университетім деп аталады. Жалпы, бұл маусымның ерекшелігі ойынға 18 команда тіркелген болатын. Осыған дейін 1/4 ойындары ұйымдастырылып 10 команда қалған болатын. Бүгін өнер көрсететін ойыншылар кубокпен қатар финалға жолдама алу үшін  2 кезең бойынша бақ сынасатын болады. Ал, ақтық сайыс сәуір айына жоспарланып отыр.

Жайдарманшы Бағлан Қалиев, “Қорқыт Құрамасының” ойыншысы Асылхан Дүкенбаев және басқа да әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 5 команда финалға жолдама алып, олардың ішінен“Тіл тимесін” командасы арнайы кубоктың иегері атанды.

Жансая ҚЫДЫРБАЙ,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<