Арыс қаласында 551 үй қалпына келтірілді – министрлік

171

0

Құрылысшылар тәулігіне тағы да 81 тұрғын үй тапсырды. Бұл мәліметтерді бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметі тартақан мәліметтерге қарағанда, 2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысының Арыс қаласында 551 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауқымды жұмысқа 184 құрылыс компаниясы тартылған.   Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәліметтері бойынша, 4 мыңнан астам құрылысшы мен 186 бірлік арнайы техника қазіргі таңда тағы 2725 жеке тұрғын үй құрылысы мен КПТҮ нысанын қалпына келтіруде.  Күн сайын қалпына келетін үйлердің саны 70-90-ға көбейді. 9 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс бригадалары 2640 тұрғын үйді, ал бір күн бұрын 2566 тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қамтыды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<