Арыстағы әскери қойманы көшіру жұмыстары басталды

260

0

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жарылыс кезінде бүтін қалған оқ-дәрілер басқа аумаққа жеткізілуде, деп хабарлайды «Хабар 24». 
Бұл істі Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жеке қадағалауына алған. Қауіпті оқ-дәрілерді діттеген жерге жеткізу үшін әскери жасақ сарбаздары жұмылдырылған. Қазір өңірде жағдайды тұрақтау жұмыстары жүріп жатыр. Жауынгерлер жарылған оқ-дәрілердің қалдықтарын анықтап, олардың көзін жоюда. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<