Астанада алғаш рет халықаралық би фестивалі өтеді

250

0

Елордада бірінші рет Central Asian Dance Festival бірінші халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Америка Құрама Штаттарының Астанадағы елшілігі және Қазақ Ұлттық хореография академиясы ұйымдастыруымен өтеді.

Би фестивалі Орталық Азия аумағында неоклассикалық және заманауи хореографияның дамытуды көздейді.

Ұйымдастырушылар екі апталық шеберлік сабақтары нәтижесінде заманауи балет бағытындағы бірегей спектакльді қоюды жоспарлауда. Яғни Пол Гордон Эмерсонның бастауымен шеберлік сабақтарға қатысқан барлық бишілер Falling Man атты қойылымды көпшіліктің назарына ұсынады.

«Біз үшін жоба өте маңызды, себебі Орталық Азияда осындай шараны бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан біз өте қуаныштымыз. Халықаралық би фестивалі 25 шілде мен 5 тамыз аралығында өтеді. Жалпы шараға 100 биші қатысады», – деді шараны ұйымдастырушы Зейнеш Мерей.

Ұйымдастырушылар халықаралық би фестивалін Астананың туған күніне арнайды.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет өтіп жатқан фестивальға Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің талантты бишілері мен хореографтары қатысады.

Фото: Нұржас Жақсыбай

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<