Астанада үшем дүниеге келді

257

0

Астана қаласында үшем дүниеге келді. Айта кетерлігі, осы отбасында бұған дейін егіздер де дүниеге келген екен. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 «Астана қалалық № 3 перинаталдық орталықта 19 ақпанда  кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Бұл елордадағы биылғы алғашқы үшем. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм», – делінген перинаталдық орталық таратқан мәліметте. Жас ана мен үшемнің денсаулығы жақсы болғандықтан оларды үйіне шығарады.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<