Астанадағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

975

0

Елорданың әлеуметтік нысандары жылу жүйесіне қосыла бастады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада ауа райының салқындауына байланысты әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылу жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады. 30 қыркүйектен бастап көппәтерлі үйлер кезең-кезеңімен жылытуға қосылады», – деп атап өтті әкімдіктен.

Сондай-ақ таратылған мәліметке сәйкес, елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген.

Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандум жасалды. 109 нөмірі бойынша арнайы желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.