Mемлекеттік қызметке қатысты шағымына 5 минутта жауап беріледі

166

0

Мемлекеттік органдардың қызметін бағалайтын «Цифрлық агент» қосымшасы арқылы елорда тұрғындарынан 400-ден астам онлайн шағым-өтінім түсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаментінің директоры Жазира Жылқышиева 2018 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінде айтты.

«2018 жылы «Цифрлық агент» қосымшасын жасап, іске қостық. Бұл қосымша арқылы қазақстандықтар мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын «онлайн» түрде бағалай алады. Әзірге Астана қаласы бойынша 427 шағым келіп түсті (ХҚКО – 366; Еңбек департаменті – 32, мемлекеттік кірістер депаратменті – 29). Осылайша, өтінімге дер кезінде жауап қатып, тұрғындардың мәселесін 5 минутта шешуге мүмкіндік берді», – деді Жазира Жылқышиева.

Сонымен бірге, өткен жылы іске қосылған «Қоғамдық бақылау картасы» да тұрғындардың бұзушылықтарға қарсы күрес белсенділігін арттырған.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасында азаматтардың шағымы арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол сапасы, абаттандыру, білім ордаларындағы заңсыз ақша жинау сынды 127 мәселе шешілді. Енді агенттік бастамасымен онлайн режімдегі «Астананың қоғамдық бақылау интерактивті картасы» жарық көрді. Бұл картада қалалық нысандардың құрылысы мен күтіміне бөлінген бюджет қаражаты туралы барлық мәлімет көрсетіледі. Қаланың барлық тұрғындары тәулік бойы ақау туралы хабарлай алады», – деді департамент басшысы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<