Қатты соққан жел балалар лагерінің шатырын ұшырып әкетті (фото)

317

0

Атырау облысында 3 шілде күні тұрған қатты желдің салдарынан Бесікті елді мекеніндегі «Тұлпар» лагерінің шатыры ұшып кетіп, осында демалып жатқан 150-ге жуық бала қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды Ақжайық.

Бастапқыда лагердің шатыры ұшып, артынша жауған жаңбырдың салдарынан балалардың жатын бөлмесіне су кетіп, жарық өшіп, су тоқтап қалған.

Осыдан кейін Атыраудан, Махамбет және Исатай аудандарынан келген демалушылар арнайы көлікпен ауылдарына жеткізілсе, ал шалғайдағы Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы ауданынан келген 51 бала «Дарын» мектебінің жатақханасына түнеп шығып, үйлеріне жеткен. 

«Тұлпар» лагері басшылығының мәліметінше, қазір тез арада шатырды қалыпқа келтіріп, 10-шы шілдеден бастап үшінші топты қабылдау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

«БӨАЖҚЖ» ММ Атырау облыстық жедел құтқару жасағы ұсынған суреттер

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<