Атырауда тегін ота жасалады

593

0

Атырауда өңештің ортакөкірек бөлігінің қатерлі ісігіне ота жасалады. 2022 жылдың соңғы 7 айында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде барлығы – 389, оның ішінде МӘМС бойынша 14 ота жасалды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап облыстық онкологиялық диспансердің онкохирургиялық бөлімшесінде органдарды сақтап қалатын онкопластикалық резекциялар жасала бастады.

Онкохирургия бөлімшесі диспансердің негізгі ғимаратының 3-ші қабатында орналасқан. Бөлімше тәулік бойы стационардың 25 науқасын және де күндізгі стационардың 6 науқасын емдеуге есептеліінген. Науқастардың негізгі тобы – өңештің, асқазанның, ұйқы безінің, бауырдың, ішастар арты кеңістігінің, тік шек пен сүт безінің, әйел мен ер адамдардың жыныс мүшелерінің сонымен қатар қимыл-тірек аппаратының ісік ауруларымен ауыратын науқастар.

1963 жылы туылған азамат 2022 жылдың 25 сәуірі күні «Өңештің ортакөкірек бөлігінің қатерлі ісігі STII T3N0M0» диагнозымен хирургия бөлімшесіне түседі. Ол 1 ай бойына ауырады екен. Қою тамақ ішкен кезде өзін жайсыз сезіну, жалпы өзінде әлсіздіктің үдей түсуіне шағым айтады.

Науқасқа фиброгастроскопия жүргізу кезінде өңештің ортакөкірек тұсының ісігі анықталады. Гистологиялық қорытынды – өңештің аденокарциномасы диагнозы қойылды.

Науқасқа 2022 жылдың 28 – ші сәуірі күні – аралас тораколапаротомия отасы жасалады. Оң жақ плевралық қуыста лимфодиссекциямен ішкі кеуделік эзофагастроанастомозды құра отырып, асқазан пластикасы бар өңештің субтотальды дистальды резекциясы.

Көкбауырдың төсегін, ішек асты кеңістігін, оң жақ плевралық қуысты дренаждау. (Льюис түрі бойынша ота). Ота 4 сағатқа созылды. Ота жасаған дәігер – хирург Мақсат Тұрсынұлы Шамшенов.

Отадан кейінгі гистологиялық қорытынды 2022 жылдың 03 мамырындағы №6867-7281, қабырғаның барлық қабаттарының өсуімен өңештің аденокарциномасы. Кесілген шеттерден ісіктің өсуі анықталған жоқ. Лимфа түйіндерінде синустық гистиоцитоз. Әрмен қарай науқақа сәулелік терапия мен химиотерапияның 2 курсы жүргізілді. Қазіргі уақытта науқас 2 –ші клиникалық топта, ем алуды жалғасыруда.

«Онкологиялық аурулар еліміз бойынша әлеуметтік – маңызы бар дерт болып табылады. Бұл дегеніміз, осы диагнозбен ауырған науқастарға медициналық көмек, оның ішінде дәрілік қамтамасыз ету де ТМККК бойынша көрсетіледі, яғни, МӘМС бойынша сақтандырылған статусының бар немесе жоқтығына қарамастан көрсетіледі» – деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б.Газизов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<