Автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті қолға түсті

313

0

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығында орын алған көлік құралын заңсыз иемдену қылмысын ашты. Қала тұрғыны қыркүйек айының 26-нан 27-не қараған түні өзінің ауласында тұрған шетел автокөлігін біреу белгісіз бағытқа айдап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 32 жастағы бұрын сотты болған Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<