Аудан әкімі Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

772

0

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев Сарбұлақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Ауылдық клубта өткен басқосуда Мұхтар Әуесұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Мұнан соң ауылдың құрметті азаматы Сражадин Шамұратов ақсақал бастаған сарбұлақтықтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

Тұрғындар ауыз су, клуб салу үшін жер бөлу, мектепке жөндеу жүргізіп, оқушыларды тасымалдайтын автокөлік алып беру, Қуаңдария арнасындағы шлюзды жөндеу жұмыстары өзекті болып тұрғанын тілге тиек етіп, осы мәселелерді шешу жағын қарастыруды сұрады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың талап-тілектерін тыңдаған соң, оны шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Аудан орталығынан шалғай жатқан ауылға облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов және бірқатар бөлім басшылары да арнайы барып, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<