Ауыз су жүйелері залалсыздандырылады

810

0

29 қыркүйек күні сағат 21.00-ден бастап 30 қыркүйек күнгі сағат 06.00-ге дейін қаланың орталық ауыз су жүйелеріне және «Әль-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарының су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға байланысты төменде көрсетілген қалалық ауыз су жүйелерінде:

– қала орталығының ауыз су жүйелеріне 29 қыркүйек күні сағат кешкі 22.00-ден 30 қыркүйек күні сағат таңғы 06.00-ге дейін;

– «Әль-Фараби», «Шанхай», «КБИ» тұрғын аудандарының орталық ауыз су жүйелеріне 29 қыркүйек күні сағат кешкі 21.00-ден 30 қыркүйек күні сағат таңғы 06.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2022 жылы 30 қыркүйек күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<