\»Қайсар\» дикторлыққа кастинг жариялады

216

0

  «Қайсар» футбол клубы дауыс шеберлігі қалыптасқан талапты да талантты жастарды анықтау мақсатында дикторлыққа кастинг жариялайды. 
Қатысушылар алдымен мына талаптарды орындауы тиіс. 25-ші ақпанға дейін kaysar.fc@bk.ruэлектронды поштасына жеке төлқұжатының суретін, анықтамасын және ақпараттық мәтінді (1 мин) оқып, mp3 форматта өңдеусіз жіберуі қажет. Аудиомәтіндер көрсетілген уақыттан аспауы тиіс. Бірінші кезең шарттарын толық орындап, дауыс ырғағы көңілден шыққандар 26-ақпан сағат 15:00-де Сұлтан Бейбарыс №4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Сыр медиа орталығына» іріктеуге шақырылады. Кастингке 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Қатысушының шоумендік өнеріне, дауыс шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына және екі тілде (қазақ, орыс) сөйлей білуі маңызды. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 707 612 03 93
«ҚАЙСАР» ФК баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<