Қайырымдылық акциясы

198

0

Жалағаш ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында жергілікті бюджеттен және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган басшылары, аумақтық департамент, инспекция басшылары, шаруа қожалықтар төрағалары, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 млн 500 мың теңге қаржы жиналып, 120 отбасына көмек көрсетілді.

– Бүгінгі акция аудан аумағындағы көмекке мұқтаж тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, мүгедектер мен жалғызбасты қарт кісілерді, зейнеткерлерді, жетім және қамқоршысынан айрылған балаларды әлеуметтік қолдау бағытында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында әлеуметтік қолдау шаралары үшін қаржылай көмек көрсетуге арнайы жәшік қойылды. Қайырымдылық іс-шарасынан түскен қаржыны арнайы комиссия тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларына бөлетін болады. Бұл бағыттағы игі шаралар алдағы уақытта да назардан тыс қалмай, кеңінен жалғасын табады, – деді аудан басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<