Қайырымдылық керуені

227

0

Биыл 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірінде «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсының іріктеу жұмысы жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Манат Алмашева мәлімдеді.

«Бұл конкурсты ұйымдастыра отырып, біз мұқтаж жандарға көмектесетін, қайырымдылық іс жасайтын адамдарды танымал ету міндетін қоямыз. Екінші жағынан жас ұрпақты қайырымдылық пен ізгіліктің жарқын үлгісі арқылы адамгершілік нормаларын арттыруға ықпал етеміз», – деді Манат Тамабайқызы.

Сонымен қатар, конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында белгілі болады. Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады: «Асар» ,«Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек «Қайырымдылық тарихы».

Еске сала кетейік, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар қатыстырылмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<