\»Қазақфильм\» тарихи киножобаға кастинг жариялады

307

0

«Қазақфильм» киностудиясы «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалға актерлер арасында кастинг жариялады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады. Аталған кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. 
 Көпсериалы киножоба қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы баяндайды.  Жобаның көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұрғыл» сериалын түсіріп жатқан түрік режиссері Метин Гюнай.  Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады (ер азаматтардың бойы 180 см. кем болмауы тиіс). Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Кастинг Қазақстан бойынша өтеді. Алматы қаласында кастинг жұмыстары 25 қаңтардан басталады.  
Мекен жайы: Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, 2-ші қабат, 252 кабинет. Жұмыс уақыты – күнделікті сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін.   Сондай-ақ, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына келесі ақпараттарды жолдау мүмкіндігі бар: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз,  бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ тұла бойы көрінетін бір сурет  және өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі және кинодағы тәжірибие туралы).
 Әйелдерге айрықша айта кететін ақпарат: кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулері керек. Татуажы бар қыз-келіншектер қабылданбайды. Анықтама телефондары: 8 775 185 1082, 8(727)3021281 Кастингке қатысу ақысыз өтеді.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<