Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

266

0

 Қазалы аудандық кітапханасында «Сoworking» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Салтанатты шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова арнайы келіп, кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.

– Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл – қуантарлық іс. Ал «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық, – дейді Нұржамал Ахметқалиқызы.

Сондай-ақ шараға Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты.

Айта кету керек, кітапхана ішінде ашылған «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. 

Аудан жастары бұл жерде қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.

 

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<