2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 млн тонна көмір өндірді, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,3% немесе 8,2 млн тоннаға артық (98,5 млн. тонна), деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қаңтар айында ауа райының кенеттен бұзылуы көмірді өндіру және тиеу жұмыстарына кері әсерін тигізсе де, (қатты борандар мен аяздар көмір разрездеріндегі гидравлиалық қондырғыны істен шығарды), көмір өндіруші компаниялар а.ж. 7 айы бойынша 60,0 млн. тонна өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9% құрайды (59,7 млн. тонна).
Қазақстанның электр станцияларына 32,4 млн. тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,5% құрайды (31,6 млн. тонна).
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге тұрғындарға 5,44 млн. тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100% құрайды (5,3 млн. тонна). А.ж. 7 айы бойынша 15,5 млн. тонна экспортталды, бұл бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,4% құрайды (16,6 млн. тонна).
Өткен жылыту маусымында тұрғындарға көмір уақытылы жеткізілмеді. Бұл жағдайға 2 негізгі фактор әсер етті: жергілікті атқару органдарының дайын болмауы және жауапсыз көмірді жеткізушілердің үйлестірілмеген жұмыстары себеп болды.
Қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға көмірге деген сұранысы бойынша жоспар құрылды.
Осы жылдың 20 маусымында аталған Жоспар жергілікті атқарушы органдармен, көмір өндіруші компаниялармен және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ-мен 2018-2019 ж. арналған жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша селекторлық жиналыста талқыланды.
Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде екендігін ескере отырып, ҚР Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарды уақытылы көмірмен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар жолдады.
Өткен жылыту маусымында барлық ірі электр станцияларда, қазандықтарда және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарда көмір қажетті мөлшерде жиналды. Электр станциялар үшін нормативтер сақталды.
Көмір тапшылығына және алып-сатарлардың бағаны көтеруіне байланысты дүрлікпе тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуге қатысты пайда болды.
Көмір разрездерінен босатылатын көмірдің бағасы айтарлықтай көп емес. Түпкілікті тұтынушы үшін көмір бағасының өсіміне темір жол тарифтері және делдалдық құрылымдардың (алып-сатарлар) «үстемелері» едәуір әсер етеді. Коммуналдық-тұрмыстық тұтынуышылар үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.
Көмірге деген бағаның құрылуы, саудалық қызметті реттеу және делдалдық құрылымдарды жою Энергетика министрлігінің құзырына жатпайды.
Саудалық қызметті реттеу, тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу, өңірлік даму және нарық субъектілеріне монополияға қарсы әрекет ету Ұлттық экономика министрлігінің құзырында.
Ұлттық экономика министрлігі ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша биржалық сауда механизмін жетілдіру, көмір нарығына қатысушыларға талаптарды орнату және көмір саудасы нарығының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша басқа шараларды қабылдау бөлігінде тиісті Заң жобасын әзірлеуді қарастыруда.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 29 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сәйкес қазіргі уақытта көмір саласы мемлекеттік саясатын Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде.
Көмір саласы мәселелерін беруге байланысты өту кезеңінде Энергетика министрлігі және Инвестициялар және даму министрлігі «2018-2019 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындыққа, оның өтуіне мониторинг және электрстанцияларын, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы» бірлескен бұйрықты қабылдады.
Бұйрық шеңберінде бірқатар мәселелер бекітілді.
Энергетика министрлігі күн сайын:
1) 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындыққа және оның өтуіне;
2) еліміздің электр станцияларындағы нормативтік отын қорының жинақталуына мониторингті қамтамасыз ету бекітілген.
Инвестициялар және даму министрлігі апта сайын:
1) көмір өндіруші ұйымдардан көмірдің шығарылуына және тиеп-жөнелтуіне;
2) коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмірді тиеп-жөнелтуіне;
3) берілген өтінімдерге сәйкес көмірді тиеуге арналған вагондармен қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдана отырып, электр станцияларға, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халыққа көмір тасымалдауға апта сайынғы мониторингті қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар апта сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне аудандар (әкімшілік бірліктер), соңғы тұтынушы үшін көмірдің сатылу бағасы, жақындағы 15 күнге көмір жеткізу жоспары бойынша бөле отырып, өңірлердегі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір қоры бойынша ақпаратты ұсынады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<