Қазақстан жаһандық БҰҰ Конгресін өткізуге дайын екенін мәлімдеді

230

0

Қазақстан қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігін талқылау үшін ең ірі жаһандық форумдардың бірін өткізуге дайын екенін мәлімдеді, – деп хабарлады МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Конгресі БҰҰ-ның ең ірі халықаралық тақырыптық форумы болып табылады.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен Агенттік делегациясы Бангкоктағы (Таиланд) қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 14-Конгресіне дайындық мақсатымен өткен Азия-Тынықмұхит аймақтық кеңеске қатысты.

20-27 сәуір аралығында Киото қаласында (Жапония) өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 14-Конгресіне арналған Азия-Тынық мұхиты аймақтық дайындық кеңесі 2019 жылдың 22-24 қаңтарында Бангкок қаласында (Таиланд) өтті.

Таиландта өткен аймақтық кеңесте қылмыстық сот төрелігі мәселелері, қылмыстың алдын алу стратегиясы мен заң үстемдігі мәселелерін шешудің кешенді тәсілдерін қоса алғанда, Киото Конгрессінің негізгі күн тәртібі мен семинар-практикумдарының тақырыбы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық және қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу және бақылау бойынша техникалық көмек мәселесін талқылау үшін платформа қызметін атқарды.

Конгресс қылмысқа қарсы күрес, соның ішінде трансұлттық және ұйымдасқан түрін қосқанда, бес жылда бір рет өткізілетін ірі жаһандық форумдардың бірі болып табылады. Конгресс – үкімет және азаматтық қоғам өкілдері, ғалымдар мен қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы бүкіл әлемнің сарапшыларының қатысуымен өтеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2025 жылы дәл осындай Конгресті Қазақстанда, яғни Астана қаласында өткізу ұсынылған болатын.

Осы тұрғыда, қазақстандық делегация Конгрестің ұйымдастырушылық қолдауы мен мазмұндық толтырылу мәселесімен мұқият танысты.
Кеңестегі сөзінде Олжас Бектенов біздің еліміздің Конгресті 2025 жылы өткізуге және жоғары деңгейін қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді. Агенттік төрағасының орынбасары кеңестен бөлек Таиланд Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық комиссиясының президенті Ватшарапол Прасарнрайкит мырзамен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<