Қазақстанда Нан күні тойланады

235

0

Қазақстандықтар қазан айында – Нан күнін, ал қарашада – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 691 қаулысына қол қойылды.
Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын: «36-2. Нан күні – 16 қазан»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<