Қазақстанда темір жол билеттері қымбаттады

279

0

Қазақстанда 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бағытында жүретін пойыз билеттері 10 пайызға қымбаттады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 39 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың 28-не қатысты болды. Төменде көрсетілген бағыттар бойынша баға бұрынғыша қалды:
№ 085/086 Нұр-Сұлтан – Сарыағаш
№ 021/022 Қызылорда – Семей
№ 313/314 Атырау – Маңғыстау
№ 339/340 Павлодар – Пресногорьковская
№ 373/374 Алматы – Жезқазған
№ 377/378 Алматы – Маңғыстау
№ 603/604 Нұр-Сұлтан – Арқалық
№ 085/086 Қарағанды – Сарыағаш
№ 021/022 Алматы – Семей
№ 22/6941/6942/21 Алматы – Достық
№ 339-55/56-154 Павлодар – Қызылорда

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<