Қызылордада 31 елді мекенде тасқын қаупі бар

174

0

Қазақстанда 505 елдімекен су тасқыны қаупі бар аймақта тұр. Бұл туралы azattyq.org сайты ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге сілетеме жасап хабарлады.

Комитет дерегінше, тасқын қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында Алматы (75 елдімекен), Шығыс Қазақстан (76), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстары бар.

Беккер су тасыған жағдайда жедел әрекет ету үшін арнаулы жасақ құрылғанын хабарлады. Оның сөзінше, комитет бөлімшелерінің барлығы төтенше жағдай бола қалғанда [азаматтарды] құтқаруға қажетті техникамен жабдықталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<