Қазақстандағы ең қысқа әуе рейсін білесіз бе?

89

0

Қазақстандағы ең қысқа әуе рейсі Өскемен мен Семей қаласында орындалады. Мұндай дерек ҚР ИИДМ Азаматты авиация комитетінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы ең қысқа тұрақты әуе рейсі Өскемен мен Семей қалалары арасында орындалады. 165 шақырым қашықтықты «Оңтүстік аспаны» әуе компаниясының ұшағы жалғайды. Ал ең ұзақ рейсі – Алматы-Орал әуе бағыты. Қашықтығы 2200 шақырымдық әуе бағытында «Air Astana» мен «Bek Air» компанияларының ұшақтары жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз