Азаттық тілшісі қайтыс болды

193

0

14 қаңтарда Алматыда Азаттықтың бұрынғы тілшісі Алоис Назаров 62 жасқа қараған шағында өмірден өтті. 11 желтоқсаннан бері ауруханада жатқан, сенбі күні сонда қайтыс болды деп хабарлады жиені Вера Вингорадова Азаттыққа.

Алоис Назаров 1961 жылы Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында дүниеге келген. 1978 жылы Алматы шет тілдері педагогика институтының неміс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Мамандығы бойынша біраз жыл жұмыс істеген соң, 2003 жылдың аяғына қарай журналистикаға ден қойды.

2011 жылдан 2020 жылға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі болып жұмыс істеді. Осы аралықта Азаттық сайтында Алексей Азаров деген лақап атпен оның табиғат қорғау, әдебиет, өнер, мәдениет, өлке тарихы және басқа тақырыптарға жазған 400-ге жуық материалы жарияланды.

Әріптестері Алоисты өлке шежіресін терең білетін маман, табиғат қамқоршысы, саяхатшы, мәдениеттанушы, жан-жақты білім иесі, тәлімгер, өмірге құштар жан ретінде танитын.

Туыстары Алоис Назаров Алматыда жерленетінін айтты.