Байқоңырда 250 пәтер пайдалануға беріледі

208

0

Өткен жылы құрылғанына 90 жыл толған Қармақшы ауданында атап айтар жетістік аз емес. Кәсіпкерлікке бетбұрыс нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылған. Ауыл шаруашылығына негізделген аудан диқандары бұған дейін күріштің жаңа сор­тын жерсіндірсе, енді  соя егуді қолға алмақ. Жыл еншісіндегі тағы бір жағымды жаңалық – Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға беруге әзір.
Сонымен қатар биыл Жосалы кентінің шығыс аймағында орна­ласқан тұрғындар көгілдір отын игілігін көретін болады.
Өңірлік коммуникация қыз­­меті алаңында өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашев осындай жақсы жаңа­лық­тармен бөлісті.
Ауыл шаруашылығында әр­­дайым үздіктер қатарынан көрінетін қармақшылықтар құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Өткен жылы Ақтөбе елді мекенінде құры­лысы басталған құс фаб­рикасы биыл іске қосылмақ.
Өткен   күз   қоры­тын­ды­сымен аймақтың ең үз­дік  шаруа­шы­лығы ­атан­ған «Жаңажол» ЖШС ауыл шар­уа­шылығы өнім­­дерін өң­деу мақсатында  құны 65 млн теңге тұратын, қуат­ты­лығы сағатына 5 тонна кү­ріш ақтайтын зауытты іске қосқан. Сондай-ақ, жоба құны 40 млн теңге болатын астық сақтайтын қойма құрылысы пайдалануға берілді. Ау­дан­ның ауыл шар­уашылығы сала­сындағы тағы бір жаңалық  – соя егуді қолға алуы.
– Дәстүрлі күріш дақы­лынан басқа да майлы дақыл­дарды, оның ішінде сояны өндірістік негізде өсіруді бас­тауымыз қажет. Бұл – суды аз талап ететін және нарықта сұранысқа ие болып отырған дақылдардың бірі. Биыл біз «Тұрмағамбет» ЖШС не­гі­зінде осы дақылды егуді бас­таймыз, – деді аудан әкімі.
Жұлдызды қалада мемлекет қаржысымен тұрғын үй құры­лысының жүруі де елеулі жаңалықтың бірі. «Нұрлы жер» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы бүгінде аяқ­талып, пайдалануға беруге дайын. Бұл сатып алу құқы­ғынсыз Байқоңыр қаласында жұмыс істеп жатқан, кезекте тұрған 250 ел азаматына табысталмақ.
Жылдың қай мезгілінде де  жұмысын тоқ­татпайтын жаңа лагерь құры­лы­сының аяқталуы да биылғы жыл еншісінде. Бұл мақсатта облыс бюджетінен 300 млн теңге бөлінген.
Өткен жылы Жосалы кен­тінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса «Бейнеу – Шымкент» магистральды газ құбы­рынан бұрма газ құбы­ры­ның құрылысы аяқ­талып, пай­далануға берілді. Енді биыл  газ кіргізу жұмыстары бас­талып, кенттің шығыс жақ бетінің тұрғындары алғаш болып көгілдір отын игілігін көрмек.
Жастарға арналған жылда ауданда алғашқы шаралар бас­талып та кетіпті. Өткен жылы аудандар арасында алғаш болып жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «Коворкинг» орталығы ашылса, жақында Төретам кентінде жастар ресурстық орталығы құрылған.
Аудан басшысы атап айт­қандай, енді елді мекендер ішіндегі жол мәселесін шешу қолға алынады. Бір ғана мысал, аудандық маңыздағы Қызылтам елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын қайта жаңғырту үшін аудан бюд­жетінен қаржы бөлініп, тиісті құжаттар әзірленіп, рес­пуб­ли­калық бюджетке өтінім жолданыпты.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<