Бекем болашаққа – жаңа бастамамен

378

0

Елорда төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі еліміздің әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған бірден-бір ауқымды шара ретінде аса маңыздылыққа ие болды. Осы орайда көшбасшы партияның мүшесі ретінде маған да айтулы жиынға қатысу мүмкіндігі туып, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бірнеше оңтайлы бастамаларды Елбасының өз аузынан естіп, қуанышқа кенеліп отырмын.
Атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсыруы – Мемлекет басшысының ел болашағына жасаған үлкен қамқорлығының бір парасы десек қателеспейміз. Сондай-ақ, 2-3 пайыз жеңілдікпен баспана сатып алу мүмкіндігінің қарастырылуы табысы төмен, көпбалалы аналар үшін зор көмек болғалы тұр.
Сонымен қатар, тұтастай мемлекеттің дамуына кішігірім ауылдардың көркеюі ықпал ететіндігін тілге тиек еткен Елбасы елді мекендерді өсім даму нүктелеріне айналдыру қажеттігін баса айтты. Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Бұл өз кезегінде ауыл-аймақ әлеуетін айтарлықтай артуына негіз болмақ.
Есенжол НАЗАРОВ,
«Нұр Отан» партиясы 
«Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<