Бүгін қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын көре алады

38

0

Бүгін кешке қазақстандықтар Айдың жерге барынша жақындаған көрінісін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Бұл құбылыс жылына бірнеше рет болып тұрады. Бұл ай толғанда немесе жаңа ай туған кезде жер ғаламшарына серігі – айдың барынша жақындауымен сәйкеседі. Негізінде теория бойынша жер мен айдың қашықтығы екеуінің орталығынан өлшенеді. Оны қолданыстағы заттармен өлшеу мүмкін емес. Бүгін Ай жерге барынша, яғни 386 мың километрге дейін жақындайды», – деді В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының ай мен ғаламшар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель.
Астрономдардың айтуынша, бүгін жер ғаламшарының тұрғындары биылғы ең үлкен айдың бейнесін көреді. Қазақстандықтарға бұл құбылыс 19 ақпанда сағат 21:53-те көрінетін болады. «Егер сіз айды бұрын дүрбімен бақылап отырсаңыз, бұл жолы айырмашылықты айқын аңғаруға болады. Ай күнге қарама-қарсы тұратын болады. Егер бұл құбылыс қыста болатын болса, түн өте жарық болады», – деді Виктор Тейфель.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз