Бүгін – «Google»дың туған күні

643

0

 Бүгін әлемдегі басты іздеу жүйесі –  «Google»-дың  туған күні. Бұл күннің қалай таңдап алынғаны әлі де жұмбақ. Негізі домен 1997 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Ал 1998 жылы 7 қыркүйекте  «Google inc» компаниясы пайда болған. Ал іздеуші жүйе 2000 жылы өз жұмысын бастаған. 2006 жылға дейін «Google»-дың туған күні әр уақытта аталып келді. Сол жылы Стеэнфорд университетінің 2 студенттері Ларри  Пейдж бен Сергей Брин  сайттың маңыздылығын тексеру үшін кері байланыс сілтемесін тексеретін  «BackRub» іздеу жүйесін ойлап тапқан. Одан әрі компания мен доменді тіркеткен.

Неліктен 27 қыркүйек дейсіз бе? Бірінші нұсқа бойынша, 2002 жылдың 27 қыркүйегінде «Google»-дың басты парақшасында алғаш рет туған күнге арналған торт бейнеленді. Екінші нұсқа бойынша 2005 жылы «Yahoo!» іздеу сервисі «Google»-дың жұмыс көлемі олардан екі есе аз екенін айтыпты. «Google» «Yahoo!»-ға ресми жауабында нақты статистикасын көрсетіп, оның жұмыс көлемі кез келген іздеуші сервисінен 3 есе артық екенін дәлелдеп берді.

Компанияның негізін қалаушылардың ойына  «Google» атауы қайдан келгені белгісіз. Бірақ бұл атау бір мен жүз нөлі бар «googol»  деген терминнен шыққан. Іздеу жүйесін жасаушылар шамасы қолданушыларға ұсынатын ақпаратының ауқымын әу баста сезінсе керек. Көп ұзамай «googol» «google» боп  жөнделіп, оның атын кейін әлемдік брендке айналған компанияға беру аяқ астынан инвесторлармен кездесу кезінде  шешілді.

Қазір жүйе күніне бір миллиардтан астам сұранысты өңдейді. 2000-жылдардан бері пайда болған «гуглдан сұра» деген неологизм қазір өмірімізге дендеп еніп кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<