Бішкекте жер сілкінісі сезілді

211

0

Фото: «Мир» МТРК

Қырғызстан астанасында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:22-де тұрғындар жер сілкінісін сезінді.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Шолпан-Ата қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым, Алматыдан оңтүстікке қарай 40 шақырым, Бішкектен солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдегі күш 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 6 балл шамасында болды, магнитудасы (Mpv=5,3) (энергиялық класс K=).

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Шолпан-Атада – 4 балл, Бішкек, Құмтөр кеніші, Қаракөлде 3,5 балл болды.

Жер сілкінісінен бірнеше секунд бұрын Android қолданушылары магнитудасы 5,4 балл болатын алдағы жер сілкінісі туралы хабарлама алды.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда жер сілкінісі болды. Жедел ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында жер сілкінісінің күші 5 балды, Жетісу облысында (Талдықорған) 2 балды құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<