3 маусым – бүкілəлемдік велосипед күні

288

0

Велоспорт – өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға баулитын спорт түрі.

Еліміздегі велоспорттың дамуы 1914 жылдан бастау алса, 1918 жылы Қызылжар, Орал жəне Қызылорда қалаларында үйірмелер ашыла бастады. 1928 жылы алғашқы спартакиада ұйымдастырылса, 1951 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет КСРО біріншілігіне қатысты.

Жерлестеріміз 1984 жылы Сергей Капустин, 1986 жылы Марат Сатыбалдиев Əлем чемпионы атанды.

Қазақтан алғаш шыққан Сыр елінің майталмандары Əлем чемпиондары Марат Сатыбалдиев, Сергей Капустин, Əлем кубогының қола жүлдегері Андрей Кашечкиндер отандық велоспорт тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Бүгінде олардың ізбасарлары Асылхан Тұрар, Роберт Гайнеев, Əзен Мади, Жанұя Сейітова, Виктория Пастернак, Əсем Төлемісова, Асылан Силықбек, Бауыржан Жапарұлы, Ержан Абдулхамит, Анастасия Иванова сынды жерлестеріміз республикалық, халықаралық жарыстарда еліміздің Əнұранын шырқатып, ел намысын қорғап келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<