«Бойымды үміт пен үрей биледі»: Қызылорда тұрғыны қалай пәтер ұтып алғанын айтты

538

0

Жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап, ал қазақстандықтардың сатып алу мүмкіндігі инфляция құнына ілесе алмай тұрған қазіргідей жағдайда пәтер ұтып алу көптеген отандастың арманы екені рас. Әсіресе пәтер жалдап, ай сайын қыруар ақша төлеп отырғандар мұны қатты қалайды. Қызылордалық Гүлнәр Р. да осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнәр тойларға сценарий жазып, нәпақасын табады. Бірнеше жылдан бері ол «Сәтті Жұлдыз» лотереяларына қатысуды әдетке айналдырған. «Лотерея билеттеріне көп ақша жұмсамаймын. Кейде лотереяның әр түріне 10, 20 мың теңге жаратамын. Негізінен олар TeleBingo, Loto 6/49 секілді түрлері. Соңғы кезде белсенді түрде қатысатын болдым, себебі түрлі науқан, арнайы ұтыстар қызығушылығымды арттыра түскен. Жаңа жыл алдында ғажайыпқа сеніп, тағы да билет сатып алуды шештім. Ұтысқа ие болғанымды жүргізуші Мұрат Оспанов қоңырау шалып хабарлады. «Пәтер ұтып алдыңыз» дегенді есту бір жағынан қорқынышты, бір жағынан қуаныш екен. Әрине, қуаныштан көзіме жас келіп, бірінші кезекте жолдасыма жеткіздім. Екеуіміз де қуаныштан жылап қалдық», – дейді Гүлнәр.

Оның айтуынша, отбасымен бірге бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келеді. Ерлі-зайыпты жер телімін сатып алғысы келіп жүрген екен. «Мұндай ірі ұтысты ешқашан ұтып көрмеппін. Майда-шүйде ұтыстар болған шығар. Ары қарай да лотереяға қатыса береміз деп жоспарлап отырмыз. Құны бүгінде 287 млн теңгеге жеткен SuperBingo-ны ұтып алғым келеді», – дейді Қызылорда тұрғыны.

Ол қазақстандықтарға лотереяға саналы түрде қатысып, ұтыс болмаса, өкінбейтіндей сомадағы ақша жұмсауды ескертті. Ал лотерея билеттерін сатып алуға бел буғандарды қомақты сыйлықтар күтіп тұр – енді қазақстандықтарға Haval H6 танымал кроссоверін ұтып алу мүмкіндігі туып отыр. Бұл үшін сайттан алты билеттен тұратын «Автомобиль» ЛотоЖинағын немесе «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының сату орындарынан 1800 теңге тұратын алты ойын алаңы бар билет сатып алсаңыз жеткілікті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<