Бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланды

253

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Маңғыстау, Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады, – деп жазады Baq.kz.
«26 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласы маңайында және Қызылорда облысы аумағында 2019 жылғы 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қар еру мен ағын сулардың қалыптасуы және мұздық құбылыстардың әлсіреуі байқалуы күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<