Бірлесе еңбек ету – жетістік бастауы

247

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде партияның және ел азаматтарының алдына нақты мақсаттар қойды. Солардың ең бастысы – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды уақытылы, сапалы орындау. Яғни, жан-жақты дамыған, өркендеген әлеуметтік бекем мемлекетке айналу.
Елбасы әлеуметтік сала шығындарын төмендетпеу, мұқтаждарға көмектесу керектігін баса айтты. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге басымдық берілетін болады. Сондай-ақ, бюджеттік саланың, атқарушы органдардың аз табысты қызметкерлерінің жалақысын көтеру де назарда. Жаңа үйлер құрылысына қыруар қаржы бағытталып, тұрғындар оған жеңілдіктер арқылы қол жеткізе алмақ.
Міне, осы жоспарлардың іске асуына партия басты қозғаушы күшке айналуы керектігі айтылып отыр. «Нұр Отан» жастар үшін де ең маңдайалды әлеуметтік сатылау негізі бола алуы керек. Бұл жоспарлар мен тапсырма, міндеттемелер таяу болашақтан зор үміт күттіреді. Тек оған біртұтас ел болып тізе біріктіре еңбек ету қажет!
Сырдария ауданында «Нұр Отан» Партиясының бастамалары мен жобалары жүйелі жүзеге асуда. Аудан басшысының тікелей атсалысуымен алдағы уақытта да нақты жұмыстар атқарылатын болады. Бұл ретте, барлық экономикалық белсенді халық өз үлестерін қосуы тиіс. Өйткені, бірлесе еңбек ету – жетістіктердің бастауы.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің көмекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<