Былтыр елімізде 249 әйел жұмыста зардап шегіп, 9-ы қайтыс болған

253

0

Фото: pixabay.com

Өткен жылы елімізде 249 әйел жұмыста зардап шегіп, оның 9-ы қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Кәсіподақтар федерацияның төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мәлім етті.

«Жұмыс істейтін әйелдердің еңбекті қорғау жағдайы қатты алаңдатады. 2023 жылы 249 жұмысшы зардап шекті, оның ішінде 9 әйел қайтыс болды. 673 мың әйел зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Оның ішінде 88 мың әйел санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда, 23 мыңы шу мен дірілдің жоғары деңгейінде, 17 мыңы шаң пен газдың жоғары көрсеткіш жағдайында еңбек етеді. Осы орайда біздің ұстанымымыз, еңбек адамды өлтіріп немесе мүгедек етпеуі керек және адамның денсаулығына зиян тигізбеуі тиіс», – деді Сатыбалды Дәулеталин елордада өтіп жатқан Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумында.

Сондай-ақ, федерация төрағасы еңбек саласындағы адамдарды кемсітушілік пен зорлық-зомбылық мәселелерін қозғады.

«Бүкіл әлемде еңбек саласындағы өзекті мәселелердің бірі – жұмыс орнында кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету. Қазақстандық қоғамда бұл проблема да бар. Сауалнамаға қатысқандардың 8,9%-ы жиі және кейде аталған жағдайға тап болғандарын айтты. Еңбек әлеміндегі гендерлік саясат, зорлық-зомбылық пен қудалауға қарсы күрес кәсіподақтың басты міндеті», – дейді ол.

Бұған Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы су тасқынынан зардап шеккендерге шипажайлардан 186 орын бөлгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: Жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумы өтіп жатыр. Шараны Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыруда, оған Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ, Мәжіліс депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері және еңбек әйелдері қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<