Дәрігерлеріміз шетелде біліктілігін арттырды

398

0

Фото: Облыстық перинаталдық орталық

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері:

– «Акушерліктегі қарқынды терапия» тақырыбында І акушерлік бөлімінің меңгерушісі, дәрігер акушер-гинеколог Бимаганбетова Лаззат Шермахановна,

– «Акушерліктегі қарқынды терапия» тақырыбында анестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөлімінің меңгерушісі, дәрігер анестезиолог-реаниматолог Ауезбеков Аскар Айдарович

– «Неонатологиядағы қарқынды терапия» тақырыбында дәрігер неонатолог Дауренбаева Лаура Асхаровна Түркия мемлекеті, Стамбул қаласында біліктілігін арттырудан сәтті өтті.

Екі апта ішінде дәрігерлер жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін зерттеді. Олар анестезиология-реаниматология, акушерлік және гинекология, неонатология бағыттары бойынша оқытылды.

Біліктілікті арттыру Түркияның жетекші клиникаларында өтті. Дәрігерлер жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге одан да жақсы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа білім мен дағдыларға ие болды.

Бұл іс-шара перинаталдық орталықтың одан әрі дамуына және аймақ медицинасы сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<