Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдау өткізді

435

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаевтың аудандардағы алғашқы жеке қабылдауы Жалағаш ауданында өтті.
«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ғимаратында өткен алғашқы көшпелі жеке қабылдауда 4 азамат болды.
Нұрман Бақбергенұлының қабылдауына келген М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Әбсаттаров мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне байланысты сұрақтарын қойса, «Ақмаржан» бөбекжай-балабақшасының қызметкері Г.Алпысбаева мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау барысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне қатысты сауалын білдірді.
Бұхарбай батыр елді мекенінің тұрғыны А.Пірмағанбетов атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға байланысты шағым білдірсе, Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Н.Серәлі «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы және жастардың мемлекеттік қызметке түсу талаптары туралы түсіндірме сұрады.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың барлық сұрақтарына түсіндірме беріліп, шағымдарына байланысты заңды шешімдер қабылданатыны жеткізілді.
Сонымен қатар, Департамент басшысы Жалағаш кенті, М.Шәменов көшесінің тұрғыны, жалғызбасты ана, зейнеткер Г.Опабекованың үйінде болды. Зейнеткер денсаулығына байланысты шағым білдіріп. Департамент басшысы тарапынан облыстық медициналық орталығында ем алуына ықпал жасалып, қаржылай материалдық көмек көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<